18 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №375

530 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 11 маусым, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда № 4001 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 8 қыркүйектегі №162 (1142) санында жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 358 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 шілдеде № 4319 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 1 қыркүйектегі №158 (1138) санында жарияланған); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 511 қаулысын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 745 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 266 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 20 маусымда № 4751 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 6 шілдедегі №102 (1305) санында жарияланған). 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ысмағулова С.С.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін; 2) осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі А.СӘРІНЖІПОВ